«Kompetez» сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамын сақтандыру (қайта сақтандыру ) қызметін жүзеге асыру құқығы берілген лицензиясынан айыру туралы.

2019 жылғы 01 ақпан Алматы қ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10 қаулысымен «Kompetenz» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы (бұдан әрі –Сақтандыру ұйымы ) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша 2018 жылдың 12 қыркүйегінде сақтандыру (қайта сақтандыру ) қызметін жүзеге асыру құқығы берілген № 2.1.24 лицензиясынан (бұдан әрі –Лицензия ) «Сақтандыру қызметі туралы » Қазақстан Республикасы заңының 55-бабы 1- тармағының 2)-тармақшасымен қарастырылған лицензия әрекетінің бірнеше рет (соңғы он екі ай кезінде екі рет ) тоқтатылғаны ушін айырылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы №63 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Сақтандыру ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі өз қызметін Сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады.

Сақтандыру ұйымы 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап қаржылық қызметін, соның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен қарастырылған шығыстарға байланысты істерді қоспағанда, қолданыстағы шоттармен операцияларын тоқтатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңмен белгіленген тәртіпте Сақтандыру ұйымының қызметін тоқтату туралы (мәжбүрлеп тоқтату) өтінішпен сотқа жүгнеді. Сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру күнінен бастап кредиторлардың сақтандыру ұйымына талаптары, Сақтандыру ұйымын ұстауға арналған ағымдағы шығындарға қатысты талаптарды қоспағанда, тарату процесінде ғана ұсынылуы мүмкін.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша уақытша әкімшіліктің басшысы Ержан Жақсылықұлы Алыбаевқа +7 (727) 227 31 61 телефондары бойынша өтініш жасауға болады.

О лишении Акционерного общества «Страховая компания «Kompetenz» лицензии на право осуществления
страховой (перестраховочной) деятельности

01 февраля 2019г. г. Алматы

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан № 10 от 31 января 2019 года с 01 февраля 2019 года Акционерное общество «Страховая компания «Kompetenz» (далее – Страховая организация) лишена лицензии на право осуществления страховой (перестраховочной) деятельности по отрасли «общее страхование» от 12 сентября 2018г. № 2.1.24 (далее – Лицензия), по основаниям, предусмотренным подпунктом 2) пункта 1 статьи 55 Закона Республики Казахстан «О страховой деятельности», за неоднократное (два раза в течение последних двенадцати месяцев) приостановление действия Лицензии.

Приказом Председателя Национального Банка Республики Казахстан № 63 от 31 января 2019 года назначена временная администрация, к которой перешли полномочия всех органов управления Страховой организации. Временная администрация Страховой организации осуществляет свою деятельность в период до назначения ликвидационной комиссии Страховой организации.

С 01 февраля 2019 года Страховая организация прекращает осуществление финансовой деятельности, в том числе операции по имеющимся счетам, за исключением случаев, связанных с расходами, предусмотренными нормативными правовыми актами уполномоченного органа.

Национальный Банк Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обратится в суд с заявлением о принудительном прекращении деятельности (ликвидации) Страховой организации. С даты лишения Страховой организации лицензии требования кредиторов к Страховой организации могут быть предъявлены только в ликвидационном производстве, за исключением требований, связанных с текущими расходами на содержание Страховой организации.

По всем интересующим вопросам можно обратиться к руководителю временной администрации Алыбаеву Ержану Жаксылыковичу по телефону +7 (727) 227 31 61.